Четверг, 31 Январь 2013 11:10

30 января 2013

«ШУАҚТЫ» БАЛАЛАРҒА КӨМЕКТЕСЕЙІК!

30 қаңтарда «Завод «Нефтегазооборудование» ЖШҚ өкілдерінің «Солнечный круг» бірлестігінің даун синдромы бар балаларының ата-аналарымен кездесуі өтті. Кездесу бейресми жағдайда «Шуақты» балаларға арналған «Живи» бағдарламасы жарияламасын түсіру кезінде өтті.

Біздерге өзекті әлеуметтік сұрақтар және мемлекетіміздің мәселелері, өсіп келе жатқан ұрпақтардың болашағы немқұрайлы емес. Осындай мәселенің бірі Даун синдромы бар балалардың әлеуметтік бейімделуінің барысы болып табылады. Біз «Солнечный круг» бірлестігі балаларының ата – аналарымен бірлесіп «Шуақты» балаларды дамыту және қалпында ұстауға бағытталған түрлі бағдарламалар өткіземіз. Біздің мақсатымыз – тек қоғамның бұл балаларға деген назарын аудару ғана емес, сонымен қатар оларға бұл өмірдегі бейімділігін табуға көмектесу. Даун синдромы бар әр балаға қамқорлық пен көп мөлшерде көңіл қажет. Өкінішке орай, қоғам мұндай балаларға сақтықпен қарайды, сондықтан оларға аз көңіл бөлінеді, ал ерте көрселілген педагогикалық көмек бұл балалардың құрдастарынан қалысын анағұрлым азайтып, олардың өмір сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарында осы мәселеге жиі көңіл аударатындығы бізді өте қуантады. «Шуақты» балалар әлемі біздің қолымызда және біз оны жарқын және жарық ете аламыз.